
Алғы сөз
050119- Шетел тілі : екі шетел тілі мамандығының 4- курс студенттеріне
VШ- семестр де “Аудиториядан тыс оқу” пәніне типтік оқу жоспарына
сәйкес 3-кредит (135 сағат) берілген. Оның 45-сағаты практикалық
сабақтарға және 45 сағаты ОБСӨЖ, 45 сағаты СӨЖ-ге бөлінген.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ)
ұйымдастыру маңызды орын алады.
Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:
1. студенттерге бағыт, бағдар беру;
2. студенттерге консултациялық көмек, кеңес беру;
3. студенттердің білімін бақылау, бағалау;
Студенттердің өзіндік жұмысындағы негізгі міндеттері:
4. сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;
5. оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу. Өздеріне
қатаң талап қоя білу;
6. күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерді меңгеруге
оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл
бөлінуі тиіс:
7. СӨЖ нақты жоспарлау;
8. Әдістемелік қамтамасыз ету;
9. СӨЖ тапсырмаларының күнтізбекті- тақырыптық жоспарға сәйкес
орындалуын студенттен талап ету;
Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік жұмысының
(ОБСӨЖ) көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу
бағдарламасына сәйкес анықталып, уақыты, аудиториясы көрсетіліп, оқу
кестесіне енгізілген.
СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен
міндетін, бөлінген сағат көлемін, студенттің дайындық сатысы ескерілген.